СИПАТТАМАСЫ

«I’m from Qazaqstan» - бастаушы және озат блогерлерге арналған байқау. Бұл бүкіл әлемге біздің еліміздің қаншалықты тамаша екені туралы айту үшін керемет мүмкіндік! Тек сенің қалаңдағы сүйікті орның немесе көрікті жерің туралы влог түсір ғана. Осы орынның сені үшін не білдіретінін және оған не үшін бару керек екенін айтып бер. Қатысушы ретінде тіркел және өз видеоңды бізге жібер. Сіздің жұмысыңды әлемнің танымал блогерлері бағалайды, ал басты жүлде ретінде 1 000 000 теңге ұтысқа салынады!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдаумен жүргізіледі.

Жүлделер

ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

ВЛОГ ТҮСІР

ФАЙЛ АЛМАСТЫРҒЫШҚА ЖҮКТЕ

САЙТТА ТІРКЕЛ

РАСТАМА АЛ

ФИНАЛИСТЕР ҚАТАРЫНА ТҮС ТЕ ФОРУМҒА ҚАТЫС

ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ

Бет басын міндетті түрде жүктеп,
оны роликтің ең басында орналастыр

ЕРЕЖЕЛЕР

Байқау 11 шілдеде басталады. Жұмыстарды тіркеу және қабылдау 12 тамызға дейін жалғасады.
Финалистер тізімі 19 тамызда жарияланады.
Байқаудың финалы 24-25 тамызда өтеді.

1. Роликтің хронометражы 3 минуттан аспау керек
2. Файлдың форматы - mp4
3. Ажыратымдылығы – Full hd 1920х1080
4. Салмағы - 500 мб дейін
5. Музыкалық сүйемелдеу YouTube тегін кітапханасынан жүктелуі тиіс
6. Видеожұмыс сілтеме бойынша қолжетімдігі бар бұлттық қоймада немесе файл алмасу орнында орналасуы керек (кіруге сұраусыз). Қолайлы көрінетіндер - Google Диск, Yandex Диск немесе Облако Mail.ru.

1. Видеожұмыстың атауы мен оның авторы көрсетілген титрлері болуы тиіс.
2. Видео бет басын жүктеп алып оны конкурстық жұмыс басталар алдында орналастыру қажет.
3. Байқау жұмысында жарнамалық, эротикалық, порнографиялық сипаттағы бейнелер, есірткі, алкоголь, темекі, сондай-ақ құмарлықты тудыратын басқа да заттарды/өнімдерді тұтынуға шақыратын көріністер; экстремизмге, агрессияға, жыныстық, жас және т.б. белгілері бойынша кемсітушілікке, нәсілдік немесе діни төзбеушілікке, ұлтаралық араздықты қоздыруға шақыратын көріністер болмауға тиіс; нормаланбаған лексиканы, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген мораль мен имандылықтың нормаларына сәйкес келмейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін материалдарды қамтымауға тиіс.
4. Конкурстық жұмыстарда басқа авторлардың, оның ішінде авторлық құқықпен қорғалған фото -, аудиовизуалды шығармаларын пайдалануға тыйым салынады. Байқауға өтінімді жібере отырып, қатысушы барлық құқықтардың (авторлық және сабақтас) болуына кепілдік береді, ал құқық иеленушілерден наразылық туындаған жағдайда, мұндай мәселелерді өзі шешуге міндетті. Біз тегін музыка бар Youtube фонотекасын пайдалануды ұсынамыз.
5. Байқау Ережелерінен басқа қатысушы YouTube ережелерімен танысып, оларды ұстануға тиіс.

Ал қаз
ылар кім?

Мурад Осман

Биржан Ашим

Алишер Еликбаев